Алматының бас полицейі тағайындалды

Президент әкімшілігімен келісім бойынша Алматы қалалық ПД бастығы қызметіне полиция генерал-майоры Заппаров Арыстанғали Расилханұлы тағайындалды. Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев полиция департаментінің жаңа басшысын ұжымға таныстырды, — делінген хабарламада.

Арыстанғали Заппаров 1969 жылы дүниеге келген.

2019-2022 жылдары ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған. 2022 жылдың қаңтарынан бастап Алматы облысының полиция департаментін басқарған.