14 шілдеде ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес, қылмыстық іс-әрекет эпизодтарының бірі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына келесі азаматтар қамалды:
- Танашев Тимур Сержанұлы, 1983 жылы туған;
- Бабаев Рауан Тимурұлы, 1992 жылы туған;
- Алтыбасаров Аңсар Мұратұлы, 1990 жылы туған;
- Абижанов Дастан Мәдиұлы, 1977 жылы туған.
15 шілдеде аталған тұлғаларға қатысты Алматының мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Сонымен бірге сот Елдос Қоспаевқа іздеу жариялап, қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдады.
Ал Айдос Қоспаев пен Руслан Шалин күдікті деп танылды.