Басты бетЖаңалықтарҰлытау облысының...

Ұлытау облысының бастапқы бюджет қаражаты қай салаларға бөлінеді?

Жұмыс тобы құрылып, Қарағанды мен Ұлытау облыстарының әкімдігі бюджетті бөлу бағытында бір айға жуық жұмыс атқарды. Әрбір сала мен мекеме бойынша Қарағанды облысы деңгейінде қабылданған бюджетті тиісті көлемде Ұлытау облысына бөлу ескерілді. Құрылысы аяқталмаған және жөндеу жұмыстары жүріп жатқан нысандар бар. Өткен жұма күні Қарағанды облысы Ұлытауды өз бюджетінен шығарды. Осы орайда біз кеше алғашқы бюджетті қабылдадық, — деді Берік Әбдіғалиұлы.

Оның айтуынша, «Қазақмыс» коропорациясының 9 мекемесі Жезқазғанға келіп тіркелді. Осы орайда олар өздерімен бірге қаражатын да өңірге бағыттайды. Сондықтан бұл қаражат Ұлытау облысындағы өзекті мәселелерге бөлінеді.

Әкім облыстағы денсаулық сақтау нысандарындағы жөндеу жұмыстарын тоқтатпау керек екенін атап өтті.

Ұлытау ауданында соғылған үйлерді мұқтаж отбасыларға беру, сатып алу туралы мәселе 2020 жылы тоқтап қалған. Тиісті қаражат бөліп, өңірдегі проблемаларды шешіп жатырмыз. Сонымен қатар Сәтбаевтағы 320 орынға арналған балабақшаның құрылысын аяқтауға тиісті сомада қаражат керек. Бұл тұрғыда тиісті қаражат бөлінеді. Сәтбаевтағы оқушылар сарайының да жұмысы тоқтап қалған. Мердігермен соттасып, қайтадан есеп беруді талап етіп отыр. Осыған сметалық құжаттарын дайындаймыз, — деді Берік Әбдіғалиұлы.

Сонымен бірге ол Жезқазғанда және Сәтбаевта басқа да балабақшалардың құрылысы жүргізілетінін айтты.

Қазір денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлініп отыр. Арнайы онкология диспансерін бөлек құру туралы шешім қабылдадық. Бұрын көпсалалы ауруханада бір бөлімі ретінде жоспарда болған еді. Оны бөлек мекеме етіп ашып, қажет қондырғылармен қамтамасыз етуді қарастырдық. Сондықтан толыққанды онкология диспансері ашылады, — деді облыс әкімі.