Басты бетЖаңалықтарНұр-Сұлтандағы эпидемиология...

Нұр-Сұлтандағы эпидемиология ахуалы «сары» аймаққа жақындап келеді

Елордада жалғасып жатқан SARS-CoV-2 вирусының «омикрон» штамының айналымына байланысты қаладағы эпидемиология ахуалы нашарлап, күрделі күйде қалып отыр. Егер 22 маусым мен 5 шілде аралығындағы екі апта ішінде 414 жағдай тіркелсе, 6 шілде мен 19 шілде аралығындағы екі аптаның ішінде коронавирус инфекциясымен науқастанудың 3 970 жағдайы тіркелді, -деді департамент басшысы.

Оның айтуынша, кейінгі екі аптада қаладағы сырқаттану деңгейі 9,5 есе артқан.

Тәулігіне жаңа жағдайлардың санын тіркеу 586 жағдайға жетті. Эпидемиология жағдайын бағалаудың жаңа матрицасы бойынша, елордамыз «сары» аймаққа жақындап келеді, — деді Сархат Бейсенова.

Айта кетейік, Қазақстанда 19 шілденің қорытындысы бойынша коронавирус инфекциясы 1 959 адамнан анықталды.