Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда телерадио...

Қазақстанда телерадио хабар тарату уақытша тоқтатылады

Сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (елорда уақытымен) жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Жұмыс жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, — делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, бұл жұмыс телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет.

Ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Қазтелерадио» АҚ жоспарлы-профилактикалық жұмыстарды тоқсан сайын жүргізеді.