2022 жылғы 19 шілдесінде мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының 300-ден астам басшыларымен Алматы білім басқармасының және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы бірлескен бұйрықты таныстыру мақсатында кездесу өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезеңі 2019-2021 жылдар және ағымдағы жылдың өткен кезеңі, талдау өткізу мерзімі 30 жұмыс күнге дейін.
Сыртқы талдау жүргізудің басым мәселелері білім беру саласында, нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаумен персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызметтер көрсету, рұқсат беру функцияларын орындау, бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру мәселелері, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер қамтылатын болады.
Азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын алу үшін [email protected] электрон поштасы және 8-778-444-51-09 WhatsApp нөмірі әрекет етеді.
Білім беру саласындағы барлық проблемалық мәселелер мен бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша жоғарыда көрсетілген байланыс арналары арқылы хабарласуды сұраймыз.