Басты бетЖаңалықтар«Әскери баспана»...

«Әскери баспана» бағдарламасына құжат қабылдау тамызда басталады

Көптен күткен «Әскери баспана» 8/15 бағдарламасы тамыз айында басталады. Бағдарламаға өтініш беру 1 айға созылады. Бұл дегеніміз, өтінім беруге бүкіл қатысушылардың уақыты жетеді, — деп жазылған банктің Instagram парақшасында.

Ақпаратқа сәйкес, ипотеканы банк бөлімшесіне бармай-ақ, консьерж сервис арқылы онлайн ресімдеуге болады.

«www.hcsbk.kz және www.otbasybank.kz сайты арқылы бейне қоңыраудың көмегімен жұмыста отырып рәсімдеуге де болады. Ипотеканы онлайн ресімдеп, сіз уақытты ғана емес, ақшаны да үнемдейсіз. Ипотеканы онлайн рәсімдеу 50% арзанырақ, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар банк аталған бағдарламаның басталуын күте алмайтын немесе тұрғын үй ипотекасын 8%-тің орнына 6%-пен алғысы келетіндерге ұсыныс жасап отыр.

«Әскери баспана» бағдарламасы бойынша 6/50 несиесін алуға болады:

  • 6% — ипотека бойынша пайыз;
  • 50% — бастапқы жарна.

Бұл бағдарламаны Отбасы банк арқылы кез келген уақыт ресімдесеңіз болады. Осы бағдарлама бойынша 50% жинақтап, бір жылда 752 тұрғын үй төлемін алушы несие рәсімдеді.

Бағдарламаға қатысуда ешқандай конкурс пен кезек жоқ.