Басты бетЖаңалықтарМедицина мамандықтарына...

Медицина мамандықтарына бөлінетін білім гранттары көбейді

Қазіргі уақытта бакалавриатқа барлығы 2 700 грант бөлінді: «Мейірбике ісі», «Фармация», «Жалпы медицина/Медицина», «Стоматология», «Педиатрия», «Қоғамдық денсаулық» мамандықтарына — 2 335 грант, квота — 365 грант (жетім балалар, мүгедектігі бар тұлғалар және т.б.), 20 грант — халықаралық келісімдер шеңберіндегі гранттар,- делінген хабарламада.

Магистратураға денсаулық сақтаудағы менеджмент, қоғамдық денсаулық сақтау, мейірбике ісі, фармация, биомедицина, медицина, медициналық-профилактикалық іс мамандықтары бойынша 325 грант бөлінді.

2023 жылы мемлекеттік гранттардың саны 1 500-дің орнына 1 700-ге дейін, 2024 жылы — 1 800, 2025 жылы — 2 000-ға дейін ұлғаяды,- делінген хабарламада.