1 тамыздан бастап Орал әуежайында операциялық шектеулердің енгізілуіне байланысты FlyArystan ішкі бағыттар бойынша Оралдан және Оралға жасалатын рейстерді тоқтатуға мәжбүр болып отыр. Шектеудің себебі — Орал әуежайының хабарламасы. Онда «ұшып-қону жолағы мен перронның жасанды төсеміне түсетін салмақ пен қарқынына қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында шектеу қойылады, — делінген хабарламада.
Әуекомпания жолаушыларға билет құнын толықтай қайтарады немесе басқа ішкі бағыттар бойынша қайта тегін брондауды ұсынады.
Қайта брондау және билетті қайтару үшін компанияға жүгіну қажет:
- Бағытты өзгерту үшін байланыс орталығына хабарласыңыз;
- WhatsApp (қоңырау қабылданбайды): +7 702-702-02-27;
- Live Chat парақшасына жазыңыз;
- Электрон пошта: [email protected].
Егер билет онлайн агенттікте/кассада/туристік агенттікте сатып алынған болса, сол сатып алған жеріңізге хабарласу қажет.
Толық қайтару билетті сатып алған жерде рәсімделуі тиіс:
- FlyArystan мобайл қосымшасында немесе flyarystan.com сайтында «Брондау және брондауды өзгерту» бөлімінде – «Брондауды өзгерту».