Бұл туралы бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты.
Оның мәліметінше, қазіргі уақытта арнайы прокурорлардың қарауында жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 53, терроризм актілері бойынша 32 қылмыстық іс бар.
Алматыда арнайы прокурорлар үш азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Олар жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны, мемлекеттік орган ғимараттарына шабуыл жасағаны және билік өкілдеріне күш қолданғаны үшін күдікке ілінген.
Қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түні аталған қылмыскерлер Алматының орталық алаңында болып, басқа адамдармен топтаса полицияның 42 қызметтік автокөліктерін қиратты. Қолжетімді құралдармен қаруланып, құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық жасады. Содан кейін әкімдік ғимараттарына шабуыл жасауға және өртеуге белсенді түрде қатысты. Олардың осы қылмыстарға қатысы бар екені видеожазбалармен, куәгерлердің жауаптары және сараптамалық зерттеулермен расталады. Қылмыстық іс айыптау актісімен негізінен қарау үшін сотқа жолданды. Қалған қылмыстық істер арнайы прокурорлармен дәлелдемелер жинау және барлық қатысты адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде сегіз өңірде 30 мыңнан астам тергеу әрекеттері жүргізілді. 4 мыңнан астам сот сараптамалары тағайындалды, — деді ол.
Елдос Қилымжанов сонымен бірге бүгінде қаңтар оқиғасы бойынша 349 адам күдікті ретінде қамауда отырғанын айтты. Олардың қиратуларға, ғимараттарды өртеуге, қаруларды жымқыруға, мемлекеттік объектілерге және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасауға белсенді қатысқаны анықталды.
Әрбір қамауға алынған адам бойынша қылмысқа қатысы бар екені туралы жеткілікті мәліметтер бар. Барлығы қаңтар оқиғасы бойынша сотқа 479 қылмыстық іс жолданып, олар бойынша 545 адам сотталды. Нақты бас бостандығын айыру жазасын билік өкілдеріне күш қолданған, мүліктерді зақымдауға байланысты ауыр қылмыстарды жасаған, сондай-ақ залалды өтемеген 83 сотталушыға берілді, — деді бас прокуратура өкілі.