Басты бет Жаңалықтар Джеки Чанның қазақ досы кім?

Джеки Чанның қазақ досы кім?

Джеки Чанмен жүздесіп, дидарласып, дос болған азаматтардың бірі Бексейіт Түлкиев болған - деп хабарлайды Alashinform.kz

Киножұлдызбен иық тірескен қазақ достарының бірі — суретші Бексейіт Түлкиев болатын. Ол тек суретші ғана емес, атақты спортшы да болды: карате, у-шу, таэквондо шебері, осы спорт түрінің Қазақстандағы федерациясының тұңғыш президенті әрі қара белбеу (5-дан) иесі болған. Ол 43 жасында дүниеден өткен.

Қазақтың хас батыры Мұстафа Өзтүрік пен Джеки Чан жан достар болды. Ол өнер мен спортты теңдей ұстаған тұлғалардың бірі еді.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Джеки Чанмен кездесіп, танысқан еді. Қазақстандық әнші атақты актерге домбыра сыйға тартып, «Әлқисса» күйін орындап берген.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version