Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда мамандандырылған...

Қазақстанда мамандандырылған техниканың бірыңғай базасы құрылады

Құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуды жетілдіру жөніндегі шаралар туралы үкімет отырысында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерболат Жамаубаев айтты.

Құрылыс жұмыстарын орындау үшін жеткілікті материалдық ресурстары бар мердігерлерді іріктеу мақсатында меншікті құрылыс техникасының болуы туралы міндетті талап белгілеу ұсынылады. Ол үшін мамандандырылған техниканың (оның ішінде құрылыс техникасының) бірыңғай базасын құру жоспарлануда. Бұл олардың бар-жоғын автоматты түрде тексеруге мүмкіндік береді. Шаралар құрылыс жұмыстарын орындау үшін өзінің базалық техникасы жоқ мердігерлерді іріктеуге мүмкіндік береді, — деді Ерболат Жамаубаев.

Мемлекеттік сатып алуларда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуларында құрылыс жұмыстарын қосалқы мердігерлікке заңсыз беруді шектеу үшін келесі жағдайларда сатып алу туралы шартты бұзу мүмкіндігін көздеу жоспарланып жатыр:

  • жұмыстардың шекті көлемінен асатын жұмысты қосалқы мердігерлерге беру;
  • тапсырыс берушімен келісілмеген қосалқы мердігерлерді тарту.