Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңартылды. 100 мың тұрғынға шаққанда 10 күн ішінде орташа тәуліктік сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда ауруханаға жатқызылғандардың тәуліктік көрсеткішіне қайта қаралды, — деді министр.
Оның айтуынша, матрицаны жаңарту кезінде денсаулық сақтау жүйесіне түсетін ауыртпалықты ескере отырып, ағымдағы жағдайды бағалау тұрғысынан ДДСҰ ұсынымдары ескерілген — бұл жұқпалы аурулар ауруханаларында, реанимация бөлімшелерінде емделу деңгейі, халықты вакцинациямен қамту, инфекцияның таралуы және инфекцияның айналымдағы нұсқалары.
«Жасыл» аймақ: R репродуктив санына қарамастан төсек-орындарға 2 500 науқасқа дейін жатқызылған кезде; төсек-орындар 5 000 науқасқа толғанға дейін және R репродуктив саны 1-ден аз болғанда.
«Сары» аймақ: төсек-орындарға 5 000 науқасқа дейін толғанда және R 1-ден жоғары болса; төсек-орындарға 5 000-нан 10 000 науқасқа дейін жатқызылғанда және R 1-ден аз болғанда.
«Қызыл» аймақ: төсек-орындарда 5 000 науқастан және R 1-ден жоғары болғанда; R-ге қарамастан 10 000-нан аса пациент жатқызылғанда.
Эпидемиология жағдайын бағалау матрицасына сәйкес, мемлекеттік органдар шектеу шараларын күшейту немесе әлсірету туралы шешім қабылдайды.