Кейінгі аптада әлемнің 108 елінде сырқаттану деңгейінің өсуі байқалып отыр. Оның ішінде Жапонияда соңғы аптада сырқаттану 112% (169 мың жағдайдан 360 мың жағдайға дейін), Арменияда 103% (174 жағдайдан 354 жағдайға дейін), Венгрияда 72%(4663 жағдайдан 8036 жағдайға дейін), Қытайда 28% (571 жағдайдан 733 жағдайға дейін), Ресейде 12% (21 мыңнан 23 мың жағдайға дейін) өскен, — деді министр орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, COVID-19 омикрон штамы барлық елде негізгі вирус болып тіркелді. Оның үлесі зерттелген үлгілердің 92% құрайды, омикрон штамының арасында BA.5 және BA.4 үлесі артып келеді.
Соның ішінде вирустың BA.5 түрі 83 елде анықталды. Қазақстанда маусым айында жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша осы омикрон ВА.5 нұсқасы 70% құрап отыр, — деді министр.