2017 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 47 мың жер учаскесі беріледі

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй шаруашылығы жөніндегі комитет төрағасы Мархабат Жайымбетовтің айтуынша, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кезекте тұрған азаматтарға 630 мың жер учаскесін беріледі. Жер беру 15 жыл ішінде жүзеге асырылады, деп хабарлайды Inform.kz

«Жер беріледі. Бірақ ол жерге инженерлік желілер тартылуы қажет. Елбасының тапсырмасы бойынша жыл сайын 80 млрд теңге сол инфрақұрылымды тартуға бөлініп жатыр. Ондай қаржы бірінші рет беріліп отыр. Биыл ол қаражаттың көлемі 80 млрд-тан көп, 86 млрд берудеміз. Ақшаны әкімдіктерге үлестірдік. Енді, олар инженерлік желілерді тартып, халыққа беруі керек», — деді Мархабат Жайымбетов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Өткен жылы 100 млрд-тан астам қаржы бөлінген. Осы ақшаға 110 мың жер учаскесіне инфрақұрылым тартылуы қажет.

«Енді, сол 110 мың учаскенің шамамен 53 мыңы — бұрын берілген жерлер (ол жерлер инженерлік желілерсіз берілді). Ал 47 мың жер учаскесі жаңадан жасақталуы шарт. Биылға тағы 86 млрд. теңге, сөйтіп ағымдағы жылы ол жұмысты (жаңа учаскелерді жасақтауды — авт.) аяқтайды. Осылайша, біздің жоспарымызға сәйкес, республика бойынша жыл сайын 42 мың жер учаскесі таратылады. Ал алдағы 15 жылдың ішінде 630 мыңдай учаске берілетіні күтілуде. Биыл әкімдіктер жаңағы айтқан 47 мың жер учаскесінің инфрақұрылымын аяқтауы тиіс. Енді, қаржы бөлінсе, одан да көп болады», — деп атап көрсетті комитет басшысы.

2 пікір

  1. Сәлеметсіз бе, Мен Астана қаласы бойынша жер кезегіне тұрғанда 55000 болып тұрғанмын одан бері қаншама жерлер беріліп отыр. Ал мына 47000 жер участкасы берілгелі отыр мен осы жолы жер алу үшін кімге жолықсам болады.Әлде бірден сайтқа жазсам ба

  2. Ассалау магалейкум мен бармаган жерим жол осы баспана ушин мен гости жумыс істемеймін менікі АО каз почта сонда меним тусинбейтиним гости жумыс істемесен уйге очередке тура алмау деген недеген сумдык жерге турдым оны кашан аламыз нес теуге болады айтыныз шы канша жыл болды пəтер жалдап турамыз сол ақшаны оз уйіңе толейтиндей жолы неге карастырмайды

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version