Басты бет Жаңалықтар Сәби өлімі көбейді: президент перинаталдық қызметтің жай-күйін тексеруді тапсырды

Сәби өлімі көбейді: президент перинаталдық қызметтің жай-күйін тексеруді тапсырды

Үкіметтің басты міндетінің бірі – ана мен баланың денсаулығын сақтау. Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

©woman.ru

Үкіметтің басты міндетінің бірі – ана мен баланың денсаулығын сақтау. Өкінішке қарай, сәбилердің өлімі көбейді. Ана өлімі де өсіп жатыр. Мен перинаталдық қызметтің жай-күйін тексеруге тапсырма бердім. Оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдануы керек еді. Бірақ, барлық жұмыс аудит деңгейінде тоқтап қалды, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, қазіргі перзентханалардың көбі халықаралық стандарттарға сай емес.

Сондықтан шұғыл шаралар қабылдап, осы мәселені шешу қажет, — деді президент.

Exit mobile version