Басты бет Қоғам Биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 40 сәби дүниеге келді

Биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 40 сәби дүниеге келді

2021 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша 740 процедура қолға алынды. "Аңсаған сәби" бағдарламасының шеңберінде есепте 2 мыңдай жүкті әйел тұр.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Max Ekzarkho

Бұл туралы барысында Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова хабарлады.

Оның айтуынша, аталған бағдарлама шеңберінде 6 мың емделушіге ЭКО процедурасы жасалған.

10 қарашадағы жағдай бойынша 740 процедура қолға алынды. «Аңсаған сәби» бағдарламасының шеңберінде есепте 2 мыңдай жүкті әйел тұр. 40 сәби дүниеге келді, – деді Мағрипа Ембергенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сонымен бірге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарда ЭКО қызметін ұсынады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде мемлекеттік қызметті 19 емхана ұсынады. Атап айтар болсақ, олардың 3-еуі – мемлекеттік, 16-сы – жекеменшік медицина мекемесі, – деді ведомство басшысы.

Exit mobile version