Үкіметтің басты міндетінің бірі – ана мен баланың денсаулығын сақтау. Өкінішке қарай, сәбилердің өлімі көбейді. Ана өлімі де өсіп жатыр. Мен перинаталдық қызметтің жай-күйін тексеруге тапсырма бердім. Оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдануы керек еді. Бірақ, барлық жұмыс аудит деңгейінде тоқтап қалды, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, қазіргі перзентханалардың көбі халықаралық стандарттарға сай емес.
Сондықтан шұғыл шаралар қабылдап, осы мәселені шешу қажет, — деді президент.