Басты бетЖаңалықтарНұр-Сұлтанда мектеп...

Нұр-Сұлтанда мектеп оқушыларына бірыңғай форма енгізіледі

Білім саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын сақтау мақсатында Нұр-Сұлтандағы барлық білім беру ұйымына оқушыларды бірыңғай қою көк түсті мектеп формасына көшіру енгізілді. Бірыңғай мектеп формасы бекітілгеннен кейін қала мектептерінің басшылары ата-аналарды мектептік ата-аналар жиналысында форманың сәйкестігі жөніндегі талаптармен таныстырады, — делінген хабарламада.

Ата-аналар мектеп формасын өз қалауы бойынша таңдайды. Ең бастысы, сатып алынған форма төменде жазылған талаптарға сәйкес келуі керек. Мектеп формасының түсі — қою көк. Мектеп формасының стилі — классика.

  • Ұлдарға арналған мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде, күнделікті киетін ақ жейде. Суық мезгілде киетін тоқылған кардиган қосылады. Ұлдарға арналған шалбар — кең тұратын, аяқтың тобығын жауып тұратындай болу керек. Тіпті болмаса: көйлек, жилет және шалбар болса да болады.
  • Қыздарға арналған мектеп формасы: пиджак, жилет, белдемше, шалбар, түймелері бар тоқылған кардиган (бомбер), классикалық жейде (қысқы кезең: тоқылған жилет, сарафан, водолазка). Кең тұратын, аяқтың тобығын жауып тұратын қыздарға арналған шалбар. Белдемше ұзындығы тізеден 5 сантиметрден аспауға тиіс.

Мектеп формасына түрлі діни конфессиялардың элементтерін енгізуге болмайды. Мектеп формасына орта білім беру ұйымдарының эмблемасы, жапсырма орналастырылады. Эмблеманың эскизін мектеп сайтынан жүктеуге болады.