Ақтөбе — Мәскеу рейсі шілдеде ашылады

Red Wings әуекомпаниясы шілдеде Мәскеуден Ақтөбеге ұшуды бастайды. Бұл туралы тасымалдаушының сайты хабарлады.

Red Wings мәліметінше, бұл бағытта сыйымдылығы 100 орындық ресейлік SSJ 100 лайнерлері іске қосылады. Рейстер Жуковский халықаралық әуежайынан (Мәскеуден оңтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым) орындалады.

Мәскеу — Ақтөбе рейстері 29 шілдеде басталып, жұма күндері, ал Ақтөбе — Мәскеу рейстері 30 шілдеден сенбі күндері орындалады.

Айта кетейік, Ақтөбе Red Wings Мәскеуден ұшатын Қазақстанның төртінші қаласы болады. Сәуірден бастап әуекомпания Жуковскийден Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына, шілдедің басынан бастап Ақтауға рейстер орындайды.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз