Басты бет Жаңалықтар Алматы маңынан G4 атты төрт қала бой көтереді

Алматы маңынан G4 атты төрт қала бой көтереді

Gate City, Алматының алғашқы серік қаласының, құрылысы 2030 жылға дейін аяқталады. Болашақта қала төрт бөліктен тұрады, - деп хабарлайды Naryk.kz

«Алматы облыстық мәслихатының шешімімен жобаның техникалық-экономикалық негізі дайындалды. Құжатқа сай, Gate City құрылысы 2030 жылға дейін аяқталады», – деп мәлімдеді инвестициялар және даму министрінің орынбасары Роман Скляр.

Алматының серік қаласында жолаушылар және жүк айналымының ішкі және сыртқы реттеулері бойынша транспорттық қызмет, индустриялды аймақтар мен кластерлік кешен, тұрғын үй-азаматтық кешендері мен әкімшілік-іскерлік және қоғамдық нысандар құрылысы қамтылмақ.

«Қазіргі таңда Алматының серік қаласы Gate City-ге инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылым тартылған. Соның ішінде су, газ және электрмен қамтамасыз етіліп тұр. Енді жол мен инженерлік желілер тарту керек. Сонымен қатар қуаттылығы 200 Гкал/сағат болатын қазандық құрылысы аяқталып қалды», — деді Роман Скляр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version