Алматы маңынан G4 атты төрт қала бой көтереді

«Алматы облыстық мәслихатының шешімімен жобаның техникалық-экономикалық негізі дайындалды. Құжатқа сай, Gate City құрылысы 2030 жылға дейін аяқталады», – деп мәлімдеді инвестициялар және даму министрінің орынбасары Роман Скляр.

Алматының серік қаласында жолаушылар және жүк айналымының ішкі және сыртқы реттеулері бойынша транспорттық қызмет, индустриялды аймақтар мен кластерлік кешен, тұрғын үй-азаматтық кешендері мен әкімшілік-іскерлік және қоғамдық нысандар құрылысы қамтылмақ.

«Қазіргі таңда Алматының серік қаласы Gate City-ге инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылым тартылған. Соның ішінде су, газ және электрмен қамтамасыз етіліп тұр. Енді жол мен инженерлік желілер тарту керек. Сонымен қатар қуаттылығы 200 Гкал/сағат болатын қазандық құрылысы аяқталып қалды», — деді Роман Скляр.

ДереккөзNaryk.kz