Басты бетЖаңалықтарБиыл талапкерлер...

Биыл талапкерлер ЖОО-ға құжаттарын үйінен тапсыра алады

Өткен жылы шалғайдағы ауылдардың мыңдаған түлектерінің құжаттары осылай қабылданды. Биыл да жоғары оқу орындары виртуалды кеңселерін қайта ашты, қабылдау комиссиялары алғашқы жұмыс күндерінен бастап өтініштерді онлайн қабылдауға әзір. Мұнда университет қызметкерлері кеңес береді және бейне байланыс арқылы құжаттарды қабылдайтын болады,- делінген хабарламада.

Қызмет көрсетудің тиімділігі мен жылдамдығын арттыру мақсатында сонымен қатар, ауа райының аптап ыстығы жағдайында қызметкерлердің штаты кеңейтілді. Қызмет көрсетуге студенттер қатарынан еріктілер тобы тартылып жатыр.

Биыл білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылмақ. Сондықтан Egov электронды үкімет порталындағы уақытша олқылықтар талапкерлердің қызмет көрсету сапасына және құжаттар тапсыруына еш кері әсерін тигізбейді, — деп жазды ведомство.

Университеттер мен виртуалды қабылдау комиссиялары үшін барлық қажетті байланыс ақпараттары ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында орналасқан.