Оның айтуынша, жүлде қаражатының бір бөлігін қайырымдылыққа және юниорларды қолдауға жұмсайды.
Менің ойымша, турнир ұйымдастырған немесе жас ойыншыларға грант тағайындаған дұрыс болады. Себебі, мен мұнда зор қолдауға ие болдым. Енді жас буынның дамуына менің көмектесетін кезегім, — деді Елена Рыбакина.
Сонымен қатар спортшы қаражаттың бір бөлігін жануарларға көмектесуге жұмсауды жоспарлап отыр.
Бірнеше күннен кейін АҚШ-та өтетін турнирлерге дайындала бастаймын. Биылғы мақсат – әлемдік рейтингтің ТОП-10 қатарына кіру. Басты мақсат – бірінші болу. Мен бұған ұмтыламын және бар күш-жігерімді саламын, — деді спортшы.
Айта кетейік, Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет Уимблдон турнирінің чемпионы атанған болатын.
Премьер-министр Әлихан Смайылов қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаға II дәрежелі «Достық» орденін табыстады.