Президентке министрліктің жұмысы, соның ішінде зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік кодекс әзірлеу мәселелері туралы баяндалды.
Тамара Дүйсенова мемлекет басшысына отбасының цифрлық картасын жасау, әлеуметтік қызмет көрсету порталын және әлеуметтік қазынашылық ақпараттық жүйесін дамыту жоспары жөнінде айтты. Президент геосаяси жағдайдың өзгеруін және еңбек нарығына қысымның күшеюін ескере отырып әзірленген көші-қон саясатын дамыту жоспарымен танысты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік еңбек саласындағы өзекті проблемаларды шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы жастарды жұмыспен қамту бағдарламаларының тиімділігін арттыру, әлеуметтік қорғау жүйесінің тетіктерін жетілдіру қажет екенін атап өтті.