Басты бетҚоғамТемекіге тыйым...

Темекіге тыйым салу емес, оған балама ұсыну неге маңызды?

Биылғы форумның негізгі тақырыбы – мемлекеттердің денсаулық сақтау саласындағы саясаты, атап айтқанда, түтінсіз электрон темекілер сияқты зияны азырақ баламасы никотин өнімдерін реттеуді талқылау болды.

Форумға қатысушылар темекіге қарсы күрес саласындағы тыйым салу тәжірибесі жұмыс істемейтінін бірауыздан айтты. Ал темекі шегуді төмендету бойынша зиянды азайту концепциясы жұмыс істейді және тамаша әсер береді.

GFN22 делегаттары ел үкіметтері қандай да бір себептермен азаматтарын естімейді деп есептейді. Өйткені көп мемлекет темекінің түтінсіз баламасына байланысты айқын фактілерді елемейді.

Сауалнамаға қатысқан никотинді тұтынушылардың төрттен үш бөлігі темекі мен никотинге қатысты ережелерді талқылау кезінде өз пікірі ескерілгенін қалайды. Бұл — Рovaddo тәуелсіз зерттеу компаниясы жүргізген 22 елдің 44 мыңнан астам ересек тұрғынының сауалнамасының нәтижелері.

Респонденттердің 90%-і өз елінің үкіметі шешім қабылдау кезінде азаматтардың дауысына құлақ асуы керек деп санайды. Өкінішке қарай, темекіге тәуелділікпен күресте қарама-қарсы көзқарас басым: билік қандай да бір себептермен олар темекі шегуге қалай қарсы тұру керегін және одан болатын өлімді азайтуды жақсы білетініне сенімді және жаппай тыйым салуға және бағаны қатал деңгейге көтеруге негізделген бағдарламаларды алға тартады. Салдарынан мемлекеттік органдар алға тартқан орасан үлкен және шығыны көп бағдарламалар нәтиже бермейді.

Никотин жөніндегі жаһандық форумда ұсынылған зерттеулердің бірі ДДСҰ ұсынған темекіге қарсы күрес шаралары сәтсіз аяқталғанын нақты дәлелдейді. Бұл 2005 жылдан бастап «ДДСҰ-ның темекіге қарсы негіздемелік конвенциясы» шеңберінде дамып келе жатқан MPOWER шаралар пакеті туралы айтылып отыр. Профессор Ларс Рамстремның жетекшілігімен әлеуметтанушылар тобы бірнеше елде (мысалы, Ұлыбританияда) темекі тұтынудың бірнеше есе төмендеуі MPOWER–дің еңбегі емес екенін, зияны аз өнімдерді қолданумен байланысын анықтады.

Зиянды азайту – бұл тұтынушыларға қауіпсіз өнім түрлеріне басымдық беруге негізделген қоғамдық денсаулық сақтауға заманауи көзқарас.

Никотиннің қатерлі ісік тудырмайтыны дәлелденді. Оның себебі темекі түтіні болды: темекі жанған кезде мыңдаған улы химикаттарды шығарады. Адамдар никотинді алу үшін темекі шегеді, салдарынан олар мүлдем басқа заттарды тудыратын қатерлі ісіктен өледі. «Іс жүзінде темекі түтіні дүниежүзіндегі өлімге әкелетін жұқпалы емес аурулардың басты себебі болды: жыл сайын сегіз миллион адам темекі шегуден қайтыс болады» деді  форум қатысушылары.

Никотинді жеткізудің түтінсіз технологиясы бұл мәселені шешуге мүмкіндік береді. Біз бүкіл дүниежүзіне оған кедергі келтірмей, зиянды азайту принциптерін енгізуіміз керек деп айтқымыз келеді. Осылайша, бүкіл дүниежүзіндегі темекі шегіп жүрген миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға болады, – деді GFN22-ден тысқары Біріккен Корольдік үкіметінің кеңесшісі,  британиялық ғалым және дәрігер Клайв Бейтс.