Әйелдер кәсіпкерлігі академиясына өтініш қабылдау басталды

Өтінішті 21-35 жастағы әйелдер бере алады. AWE бағдарламасына Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарынан конкурстық іріктеуден өткен 100 әйел қатысады. Бағдарлама курсы аяқталғаннан кейін үздік нәтиже көрсеткен 10 қатысушыға Нұр-Сұлтандағы финалдық іс-шараға қатысу мүмкіндігі беріледі.

Бағдарлама қатысушылары екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа кәсіп жүргізуден тәжірибесі жоқ әйелдер кіреді. Екінші топта жұмыс істеп тұрған бизнесі бар және оны кеңейтуді жоспарлайтын қатысушылар болады.

Оқыту арнайы әзірленген DreamBuilder платформасында қазақ тілінде онлайн жүргізіледі. Бизнесті құру бойынша негізгі модульден басқа қатысушылар ағылшын тілі мен қаржы бойынша сауат дағдыларын меңгереді немесе жетілдіре алады. Бағдарламаға қатысу тегін.

Қатысуға өтінішті мына сілтеме арқылы 21 шілде 12.00-дейін беруге болады.

Бағдарламаның серіктесі ретінде Астана халықаралық қаржы орталығының W4E орталығы таңдалды.

Әйелдер кәсіпкерлігі академиясы бағдарламасы — дүниежүзінің 80-нен астам елінде жұмыс істейтін жоба, ол әйелдерге жаңа бизнесті бастауға және қолында бар бизнесті кеңейтуге қажетті білім, дағдылар беріп, сонымен бірге байланыс орнатуға болатын адамдармен таныстырады. AWE бағдарламасына дүниежүзінің түкпір-түкпірінен 16 000-нан астам әйел қатысты, олар түлектер қауымдастығын құрып, бизнес құру тәжірибесін бөлісіп, сонымен бірге іскерлік байланыстар орнатып жатыр.

Академия жайлы қосымша ақпарат алу үшін [email protected] электрон поштасына жазуға болады.