Сағат 22.00 шамасында 102 пультіне ер адам екі рет оқ атқаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады, — деп хабарлады Алматы полициясы.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам отбасындағы жанжалға байланысты осындай қадамға барған.
Бұған дейін кейбір Тelegram-каналдар ол бұрынғы әйелімен жанжалдан кейін қолына қару алғанын жазған болатын.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.