Кинокартина ағылшын тілінде, орыс субтитрларымен жарыққа шықпақ.
«АҚШ-та қазақ қызын кезіктіріп қалғанымда фильм түсіру туралы ой келді, сол кезде асыранды балалар туралы алғашқы репортаж жасадым. Бірақ бұл тақырыпта фильм түсіруге тәжірибем аздық ететіндігін ұқтым, ағылшын тілін де жетік меңгермеген едім. АҚШ-тағы қазақстандықтар туралы деректі фильмдер түсіріп жүріп, америкалықтар асырап алған қазақ балалары туралы жақсы дүние түсірсем екен деген ой келе бастады», — дейді Қанат Бисекеев.
Бұл жобаға 5 мың АҚШ доллары қажет болған Өзінің айтуынша, Краудфандинг компаниясы арқылы xалық оған бұл қаражатты 5 күнде жинап берген. Демеушілер қатарында Әлішер Елікбаев та бар.
40 минуттық картинаға барлық балалардың оқиғалары енбеген. Фильм Американың 7 штатында түсірілген. Оған 7 мен 21 жас аралығындағы 8 кейіпкер түскен.
«Америкалық мәдениетке қалай бейімделді, Қазақстан естерінде қалды ма, өз Отандарын қалай елестетеді және Қазақстандағы өмірі туралы не біледі?» деген сұрақтар төңірегінде сұxбаттар өрбіді. Олардың барлығы асыранды екендіктерін біледі, тым ерте жастан Америкаға кеткенмен, өз Отандары туралы аздаған естеліктері де бар», — деп атап өтеді режиссер.
Фильм жарыққа ақпан айының соңында шығады. Бейсекеев фильмді бір жыл бойы, ара-тұра үзіліс жасап, жалғыз өзі түсіріп отырған.
«Фильм мейірімділік, маxаббат туралы, екі түрлі мәдениет қалай жанаса алатындығы туралы, себебі, біз бәріміз адамбыз», — дейді Қанат Бейсекеев. Мұнда америкалық отбасылар Қазақстанда бала асырап алуға жарияланған мораторий туралы, мемлекет мұндай шешімге не үшін келгендіктері жөнінде ой қозғайды. «Мен бұл фильмді кинотеатрларда «айналдыруды» немесе кинофестивальге жіберуді жоспарлап отырғаным жоқ. Картина қазақстандықтарға қолжетімді болғанын қалаймын. Оған адамдар өз қаражаттарын берді ғой. Ең бастысы, адамдар өз ақшаларының неге жұмсалғанын білуі керек», — дейді Қанат Бисекеев.