Басты бетЖаңалықтарШымкентте қылмыстық...

Шымкентте қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары ұсталды

Бұл ақпаратты ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

2022 жылдың 9 шілдесінде Шымкентте өзінің қызметтік кабинетінде ҚАЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары парақорлық фактісі бойынша жүріп жатыр. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.

Анықталғандай, оған қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау қаралып жатыр.

Сыбайлас жемқорлық мәселесі ішкі істер министрлігінің күнделікті бақылауында. Осыған ұқсас фактілер туралы ҚР ІІМ өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарласуға болады, — дейді ведомстводан.