Бейбіт Есенбаев 1985 жылы Қарағандыда дүниеге келді.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетін бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы жеке меншік ұйымда инженер-бағдарламашы болып бастады.
2009-2011 жж. — ҚР денсаулық сақтау министрлігі инвестициялық жобаларды мониторингтеу және дамыту басқармасының сарапшысы;
20011-2013 жж. — ҚР денсаулық сақтау министрлігі стратегиялық даму департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, басшысы;
2013-2017 жж. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында бөлімшелерді басқарған;
2017-2020 жж. — ҚР денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры;
2020 жылғы қыркүйектен бастап — ҚР денсаулық сақтау министрлігі электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры болды.