Серік Шәпкенов «Теңіз» кен орнында болған апатты жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді. Оған әкімдікке қарасты басқармалардың басшылары, «Теңізшевройл» ЖШС-нің, облыстық төтенше жағдайлар және полиция департаменттерінің өкілдері қатысқан.
Серік Шәпкенов жарылыстан қаза тапқан жұмысшылардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қажетті материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына жарақат алған жұмысшыларға медициналық көмек көрсетуді тапсырдым. Апаттың себеп-салдарын анықтау мақсатында облыстық деңгейде арнайы комиссия құрылып, заң аясында тексеру жұмыстарын жүргізеді, — деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.
Айта кетейік, бұған дейін Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.