Атыраудан Алматыға 10 мың доза вакцина жеткізіледі

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, 2021 жылдың 1 ақпаны мен 2022 жылғы 5 шілде аралығында коронавирус инфекциясына қарсы екпенің бірінші дозасы 1 227 967 адамға егілді. Оның ішінде вакцинаның екі компонентін 1,1 миллион астам адам алған. Ревакцинациядан 496 723 алматылық өтті.

5 шілде күні 1 023 алматылық вакцина салдырды. Қазір қалада 96 пункт жұмыс істеп тұр. 340 адамнан тұратын 103 екпе бригадасы бар. Қала халқын коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау үшін екпе мөлшері жеткілікті . Атыраудан Алматыға тағы 10 мың доза Pfizer вакцинасы жеткізіледі, — делінген хабарламада.