Сынақ өрт зертханасының мамандары өрттің себебін анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады, — деп хабарлады ШҚО төтенше жағдайлар департаменті желідегі парақшасында.
ТЖД ақпаратынша, Алакөл көлінің жағасында мына нысандар отқа оранған:
- Керуен демалыс базасында – 2 корпус, 1 кір жуатын орын, 7 коттедж;
- Әйгерім базасында – 4 үй;
- Жібек жолы базасы аумағында – 1 үй, 1 монша, 1 дәретхана;
- Әлихан базасында – 8 корпус, 1 асхана.
5 шілде таңертең Алакөл көлінің жағасында ірі өрт шыққаны хабарланды.
Өрттен 4 демалыс орны зиян шеккен. Тілсіз жау «Керуен» демалыс базасынан басталған. ТЖ салдарынан жеті адам медициналық көмекке жүгінді.
Алдын ала мәлімет бойынша жалын 3 000 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндіру жұмыстарын жылдамдығы 10 метр секундқа дейін жеткен жел қиындатты. Өрт бір ағаш үйден екіншісіне жылдам өтіп отырған.