«Нұрлы жер» аясында кімдер пәтер ала алады?

Құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер, дәрігерлер мен мұғалімдер, әрі тұрмысы төмен азаматтар «Нұрлы жермен» үй ала алады.

Бағдарлама 5 бағыт бойынша жұмыс істейді. Онымен берілетін тұрғын үйлердің шаршы метрі басқа өңірлер үшін 140 мың теңге. Ал Астана мен Алматыда 180 мың теңгені құрайды. Бұл нарықтағы бағадан бірталай төмен. Ол 260-280 мың теңге.

ДереккөзBaq.kz