Бұл туралы «ақпараттық-сараптамалық орталық» АҚ басқарма төрағасы Мағжан Аманғазы мәлімдеді.
Орталық 2021 жылы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен бірлесіп, Қазақстанда мектептерге арналған PISA халықаралық зерттеуін өткізді.
Биыл осы зерттеудің алғашқы нәтижелерін анықтап отырмыз. Бұл зерттеудің айырмашылығы — тест нәтижелері тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, әр қатысқан мектеп, колледж бойынша есептеледі. Зерттеу 2011 жылдан бері өткізіледі. Оған әлемнің 14 елі қатысады. Қазақстан 2021 жылғы зерттеудің валидациялық кезеңінен сәтті өтті, — деді ол оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында.
Зерттеуге Қазақстаннан 200 мектеп пен колледж қатысқан. Зерттеу қорытындысы бойынша 64 жеке және 45 топтық есеп дайындалады. Жалпы елдік нәтиже бойынша ортақ сараптамалық есеп әзірленеді.