Наурыз айында Samsung Electronics диагоналі 32 дюйм UHD-дисплейі, жіңішке корпусы және SlimFit камерасы орнатылған Smart Monitor M8 жаңа сериясын таныстырды. Жаңа серия негізгі нарықта жылы қабылданды: Кореяда, АҚШ және Еуропада, бертін келе сатылу географиясына Қазақстан да кірді. Отандық дүкендерде М8 жылы ақ түсте қолжетімді.

М8-дің бірегей ерекшелігі – ол қажеттіліктері әр түрлі барлық категория пайдаланушыларына арналған құрылғы.

Бірінші рет 2020 жылдың қарашасында таныстырылған Samsung ұсынған Smart Monitor концепті – заманауи мониторлар нарығындағы түбегейлі жаңа шешім еді. Әлемдегі ең бірінші әмбебап дисплейлер – бұл жұмыс функционалдығы мен үй жағдайындағы ойын-сауық. M8-де әр түрлі OTT-сервистерін пайдалануға болады, соның ішінде Netflix, Amazon Prime Video, Disney+ мен Apple TV бар және ол үшін мониторды ДК-ға немесе теледидарға қосудың қажеті жоқ.

Smart Monitor M8 – барлық қырынан тиімді, мысалы: бөлмеде орналастыру жағынан, дизайны мен жұмыс істеуін де айрықша айтуға болады. Жаңа монитордың қалыңдығы 11,4 мм ғана, бұл оған дейінгі мониторларға қарағанда үштен төртке жіңішке. Өзіңіздің ДК-ңыз болмаса да, M8 мінсіз үй кеңсесіне айналады: Workspace пайдаланушы интерфейсі сізді жұмыс құралдарымен қамтамасыз етеді. Керек болған жағдайда сіз сымсыз желі арқылы Windows немесе Mac-пен ДК-ға қосылып, пайдалы функциялардың кең спектрін қолдана аласыз, соның ішінде Samsung DeX, Apple AirPlay 2 және Microsoft 365 бұлтты сервисі, сонымен қатар смартфондағы контентті M8 экранына шығарып көрсету мүмкіндігі бар. Басқа құрылғыларды мониторға қосылған USB-C кабелі арқылы зарядтауға болады.

Smart Monitor M8 мониторға бекітілетін адам жүзін анықтау мен автоматты түрде маштабтау функциясы бар магнитті, алынып-салынатын SlimFit Cam камерасымен жабдықталған. Smart Monitor M8-ге SmartThings Hub IoT-хабы орнатылған, оған пайдаланушылар өз құралдарын Wi-Fi арқылы қоса алады.

SmartThings қолданбасы құрылғылары M8-ге қосылған пайдаланушыларға өз құралдарын бүкіл үй ішінде бақылауға көмектеседі, соның ішінде жарық өшіру мен қоректендіру адаптері де бар. Тағы бір айта кетері, М8 пульт арқылы дауыс көмекшісімен басқарылады.

Дисплей жарық пен түс температурасын автоматты түрде басқару технологиясымен жабдықталған. Ал биіктігі теңшелетін иілу функциясы бар тұғырық пайдаланушының ыңғайлығы үшін оны мінсіз орналастыруға мүмкіндік береді. М8 смарт-мониторын Samsung ресми интернет-дүкенінде және компания серіктестерінен сатып алуға болады.