Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қолдауымен Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай өткен дәстүрлі байқаудың басты мақсаты — мемлекеттік тіл саясатын арттырып, рухты көтеру болатын. Дәстүрлі байқауға 24 мемлекеттік қызметшіден өтінім түсті. Доданың іріктеу кезеңінде онлайн түрде үміткерлер «Мемлекеттік тіл — мемлекеттік қызметте» тақырыбында эссе жазды. Бұл жұмыстарды арнайы құрылған сарапшы топ қарап, 18 жұмысты екінші кезеңге жолдады.
Байқаудың екінші кезеңінде қатысушылар өздерін жан-жақты таныстыратын бейневизитка дайындады. Нәтижесінде он төрті үшінші кезеңнің ашық байқауына жолдама алды. Олар БҚО полиция департаментінің, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мен Шыңғырлау аудандық соты кеңсесінің және БҚО мәдениет басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Ақжайық, Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Шыңғырлау аудандарының мемлекеттік қызметшілері.
Нәтижесінде облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Е.Ғалиев, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының БҚО филиалының төрағасы Б.Жексенғалиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы В.Масимова, Орал қалалық «Жайық үні-Жизнь города» газетінің редакторы, жазушы М.Шүйіншалиева және «Тіл мұра» қоғамдық қозғалысы төрағасының орынбасары И.Суетиналар сайысқа қазылық етті.
Байқауда бас жүлдені Бөрлі ауданы Жарсуат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Серік Асхат Сағынбайұлы жеңіп алды. Жүлделі 1 орынды Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы Қанафин Әлібек иеленді. 2 орынды БҚО мәдениет басқармасының бас маманы Рамазанов Ақжол, жүлделі 3 орынды Бөрлі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Исмагулова Бұлбұл қанжығасына байлады.