Басты бетҚоғам"Алтын Орда"...

«Алтын Орда» маңындағы жол жөндеуге жабылады

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК Алматы облыстық филиалы хабарлады.

2022 жылдың 2-10 шілдесінде күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты «Алматы-Қаскелең» бағыты бойынша бас магистральдық эстакаданың бір бөлігі жабылады. Компания  көлік жүргізушісіне жолды алдын-ала жоспарлау керегін ескертеді.

Жөндеу жұмысы негізгі магистралдық эстакададағы уақытша жабынның төменгі қабатының жай-күйіне қатысты шағымға байланысты. Мердігер ұйым жабынның уақытша төменгі қабатын ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізіп, кейіннен оның жоғарғы асфальтбетон қабатын жасайды, — делінген хабарламада.