Департамент мәліметінше, мамандар борышкерлер көлігін «Сергек» бейнекамерасы арқылы іздеп, табады.
Жүргізушінің жеке басы анықталғаннан кейін, автокөлік иесі қарызды толық өтегенше ол айыппұл тұрағына орналастырылады. 10 күн жұмыс барысында 112 көлік айыппұл автотұрағына алынды. Нәтижесінде бюджетке 200 миллион теңгеден астам кіріс түсті.
Бүгінде қаланың көлік салығы бойынша қарызы – 4,8 миллиард теңге. Бұл соманың негізгі бөлігі қозғалтқыш көлемі үлкен – 4 мың текше сантиметрден астам автокөлік иелеріне тиесілі. Сот орындаушыларының қызметтеріне ақы төлеу және автотұрақ шығыны болмауы үшін Алматы мемлекеттік кірістер департаменті көлік иелерін салық қарызын өтеуге шақырады,- делінген хабарламада.