Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ӨКМ операторы» ЖШС басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде ақша жымқыру белгілері бойынша соталды тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр.
Қылмыстық іс аясында 2017-2018 жылдар аралығында экологиялық кодекс талаптарын бұза отырып, оған 920 миллион теңге мөлшерінде дивиденд түрінде заңсыз төленген утильалым қаражатын иеленген «ӨКМ операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұхтарова күдікке ілінді, — делінген хабарламада.
Антикор мәліметінше, Шынар Мұхтароваға іздеу жарияланды және оған қатысты сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Егер сізде оның орналасқан жері туралы ақпарат болса, агенттік телефондарына хабарлауыңызды сұраймыз: call-центр 1424; +7 (7172) 909 260. Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген, — делінген хабарламада.
Хабарламаның құпиялығына кепілдік берілетінін айтылды.