USCIRF — АҚШ үкіметінің тәуелсіз кеңес беруші органы. Мекеме әлемде дін еркіндігінің сақталуына бақылау жасап, АҚШ Конгресіне, президентіне және мемлекеттік хатшысына саяси кеңес береді. Комиссияның 2016 жылға арналған есебі өткен аптаның соңында жарияланды.
Есепте Түркіменстан үкіметі «діни ұйымдарға тіркеуге қатысты қиын талаптар қойып, олардың қызметіне қатаң бақылау жасайды, тыйым салады және тіркелмеген ұйымдардың қызметі үшін қатаң жазалайды» делінген. Сол себепті Түркіменстанды «ерекше алаңдаушылық туғызатын елдер қатарына қосу» ұсынылған.
Атап айтқанда, комиссия АҚШ билігіне Түркіменстан үкіметіне қысым көрсету арқылы, елдегі ар-ұждан тұтқындарын босатуды талап етуін кеңес ретінде ұсынды.