Құжатқа сәйкес, аң аулау кезінде, 2022 жылдың 1 шілдесінен 2023 жылдың 15 ақпанына дейін 15 124 қабан, 1110 марал және 11 185 сібір елігін атуға болады.
Сонымен қатар атуға арналған лимит жануарлардың басқа түрлері бойынша бекітілген.
Аталған кезеңде 515 қарсақ, 1 347 тау ешкісі, 150 қоңыр аю, 126 сілеусін, 509 жанат тәрізді ит, 13 904 корсак, 57 764 түлкі, 15 132 борсық, 10 297 ақ тышқан, 109 148 ондатр, 391 322 қоян, 304 430 суыр, 254 мың қаз, 886 мың үйрек, 52 758 құр, 87 489 қырғауыл, 111 338 кекілік және 132 904 көгершін атуға рұқсат берілді.
Әр аймақта аң аулауға өз шектеуі белгіленген. Бұйрық әлі күшіне енген жоқ.