Басты бетЖаңалықтарҚайрат Шайжанов...

Қайрат Шайжанов Жезқазған әкімі болып тағайындалды

Ұлытау облысы әкімінің өкімімен, ҚР президент әкімшілігінің және Жезқазған қалалық мәслихатының келісімімен Қайрат Шайжанов Жезқазған әкімі қызметіне тағайындалды,- делінген хабарламада.

Қайрат Шайжанов 44 жаста. Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген.

Екі жоғары білімі бар, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, қазақ тұтынушылар одағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы бастаған. Әр жылдары бизнес саласында, түрлі мемлекеттік қызметтерде еңбек еткен.

2009-2013 жылдары Сәтбаев әкімінің орынбасары, 2015-2018 жылдары Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімі қызметін атқарған.

2019 жылдан бастап осы күнге дейін ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ активтерді басқару департаменті директоры лауазымын атқарған.