«Бәйтерек» ғарыш кешенінің құрылысы шегерілді

Осыған дейін белгіленген мерзім шегеріліп жатыр. Алайда бұл бағыттағы жұмыс жоспары өзгермеген. Бұл кешен Байқоңырдың маңыздылығы үшін керек. Аталған мерзім техникалық құжатнаманы даярлауға қатысты шегерілді. Атқарылуы тиіс жұмыстар бойынша құжаттарды қабылдау күрделі болып жатыр. Атап айтқанда, бұл шешім басқа себептерге байланысты емес, — деді Бағдат Мусин сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Тілшілер министрден құрылыс жұмыстарына қатысты нақты мерзімді атауды сұрады.

Шамамен жарты жыл немесе ары кеткенде бір жыл уақыт керек. Бұл бағыттағы құжат бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бірақ құрылыс жұмыстары басталмады. Жобалау жұмыстарына біраз уақыт керек, — деді Бағдат Мусин.