Басты бетЖаңалықтарЕлімізде интернет-сайттардың...

Елімізде интернет-сайттардың бірінде бала сатылған

Мамандар барлық хабарландыруды зерделеп шықты. Ұсыныс жасайтындардың басым бөлігі – жас аналар. Олар өз балаларынан бас тартып, уәкілетті органдар мен соттың тиісті шешімін алмай, баланы сатып алуды ұсынады. Сұраныс та жоқ емес. Балаларды заңсыз жолмен асырап алғысы келетін адамдар баршылық.

Ал Қазақстанның неке және отбасы туралы кодексінің 196-бабына сәйкес тастанды бала ішкі істер органдарының, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, білім беру ұйымдары әкімшілігінің немесе бала орналастырылған медициналық ұйымның өтініші бойынша тауып алынған немесе қалдырылған күннен бастап жеті тәуліктен кешіктірілмей тіркелуге тиіс, — дейді прокурорлар.

Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңның 2-бабы, 4-тармағы бойынша қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға тыйым салынған.

Осыған байланысты Алатау ауданының прокуроры сайтты заңсыз деп тану және оның Қазақстан аумағындағы қызметін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінді. Сот қадағалау органының өтінішін қанағаттандырды, — делінген ресми хабарламада.

Қазіргі кезде тексеріс шаралары басталды. Заң бойынша осы қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.