Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы жолдауы аясында берілген тапсырмасына сәйкес, БАҚ саласындағы салалық заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта журналистік қоғамдастықпен бірге жұмыс тобы құрылды және БАҚ-ты жетілдіру бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Министрлік саланың кадрлық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөледі, — деді министр.
Министр медиа сала мамандарын оқыту бойынша 2020-2021 жылдарға арналған арнаулы жоспар әзірлеп, іске асырғанын атап өтті.
Арнаулы жоспарды іске асыру кезеңінде: әр түрлі саланың бағытына маманданған салалық журналистерді даярлау бойынша ЖОО-мен меморандумдарға қол қойылды; мультимедиялық білім беру және ақпараттық платформа іске қосылды; 4 мыңнан астам журналист медициналық, экологиялық, діни және IT-салаларында оқыту курстарынан өтті; жаңа білім беру бағдарламалары іске қосылды, — деді Асқар Омаров.