Басты бетЖаңалықтарҚазақстандықтардың салық...

Қазақстандықтардың салық қарызы 24,3 миллиард теңгеге жетті

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Олардың ішінде көлік құралдары салығы бойынша салық міндеттемелерінен жалтарған автокөлік иелерінің ең көп саны келесі өңірлерде тіркелген:

  • ​Алматыда — 88 мың борышкер бойынша берешек 5,2 миллиард теңгені құрайды;
  • Алматы облысы — 132 мың борышкер бойынша берешек 3,9 миллиард теңгені құрайды;
  • Нұр-Сұлтан және Шымкентте– тиісінше 2,6 миллиард теңге және 1,9 миллиард теңге берешегі бар 76 мың борышкерден.

Берешек төленбеген жағдайда салық бұйрығы табыс етілген күннен кейін 5 жұмыс күні өткен соң, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына мәжбүрлеп орындатуға жіберіледі. Өз кезегінде, жеке сот орындаушылары «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы « Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, банк шоттары мен мүлкіне тыйым салу түрінде мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқығы бар. Егер қарыз 40 АЕК-тен асса, азаматқа елден шығуға тыйым салынуы мүмкін.