Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

26 маусымда күндіз қалада қатты ыстық болады. Термометр 36 градусқа дейін көтеріледі.

Ыстық ауа райы, әсіресе жүрек-қан тамырлары аурулары, артериялық гипертониясы  бар, сонымен қатар инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдар үшін қауіпті. Серуен, шамадан тыс физикалық белсенділіктен шектеліңіз.  Дәрігердің нұсқаулығын нақты орындап, берілген дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдау қажет. Артериялық гипертензиямен ауыратын адамдар қан қысымын үнемі қадағалап отырсын, — делінген ТЖД хабарламасында.

Олар қала тұрғындары мен қонақтарын күн өтіп кетпес үшін серуендеуден аулақ болуға шақырды.