Басты бет Жаңалықтар Петропавлда Юрий Шатуновтың құрметіне флешмоб өткізуге тыйым салынды

Петропавлда Юрий Шатуновтың құрметіне флешмоб өткізуге тыйым салынды

Петропавлда әкімдік ресейлік әнші Юрий Шатуновты еске алуға арналған флешмоб өткізуге тыйым салды.

Фото: Аrtzvezdy.ru

Петропавл әкімдігінің баспасөз қызметі Интернациональная мен Бөкетова көшелерінің арасында «Ласковый май» тобының бұрынғы солисін еске алуға арналған шара өтпейтінін жариялады.

Іс-шара келісілмеген және рұқсат етілмеген, сондықтан өткізілмейді, — деді ведомство өкілдері.

Еске салайық, Юрий Шатунов 23 маусымда Подмосковьеде инфарктіден қайтыс болды. Бүгін Ресейде әншіні ақтақ сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр.

Exit mobile version